Наверх

Погода в Астане: 02 октября, ночь: -3° 4 м/с02 октября, утро: +1° 4 м/с02 октября, день: +8° 4 м/с02 октября, вечер: +3° 4 м/с

Былтыр «Есіл» ауданында 25 тұрғын үй кешені қолданысқа берілді

796
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

«Есіл» ауданында өткен жылы 25 тұрғын үй кешені қолданысқа берілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

- «Есіл» ауданында 445 көп пәтерлі тұрғын үй кешені бар, ал «Жағалау» шағын ауданында 50 тұрғын үй кешені бар. Соның 25-і 2017 жылы қолданысқа берілді, - деді «Есіл» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Ауданда кондоминиумды тіркеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Тіркеуге жататын 418 көп пәтерлі тұрғын үйдің 373-де кондоминиум бар, 45 тұрғын үй кешені тіркеуді талап етеді. Өткен жылы кондоминиумға 73 үй тіркелген.

Көрсетілетін  қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында, 2018 жылы осы ауданда орналасқан ПИК жұмысының рейтингтік бағалау жүйесі енгізіледі. Бұл жұмыс қызмет көрсететін ұйымдарды объективті талдауға мүмкіндік береді.

Оценить материал
0