Наверх

Погода в Астане: 07 августа, вечер: +21° 5 м/с08 августа, ночь: +17° 4 м/с08 августа, утро: +20° 5 м/с08 августа, день: +25° 7 м/с

Ақтауда 600 бейнебақылау камерасы орнатылады

1366
Фото: Тумба.kz.

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов  облыстық Ішкі істер департаментінде  жиналыс өткізіп, өңірдегі полиция қызметінің өткен жылғы жедел қызметін қорытындылады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Департамент басшысы Қанат Таймерденов облыс көлеміндегі криминогендік ахуал туралы баяндады.  Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста тіркелген қылмыстардың 13,4%-ға азайғанын атап көрсетті. 

- «Қауіпсіз аула» жобасы аясында  217 қылмыстың, соның ішінде 60 ұрлықтың беті ашылды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 600 бейнебақылау камерасын орнату мен «Ақтау қаласындағы CCTV енгізу және қызмет көрсету» («Қауіпсіз қала») жобасы әзірленуде, - деді Департамент басшысы Қанат Таймерденов.

Оценить материал
0