Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Павлодарда мұз аренасы салынады

892
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Екібастұзда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде мұз аренасын салу жоспарлануда. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен өткен кездесуде «H+H Technika» ЖШС өкілдері ынтымақтастық жасасу туралы мәселені талқылады, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Жоба бойынша арена 2,5 мың орынға негізделген. Болашақ спорт нысанында сондай-ақ фитнес-залы мен дәмхана да көзделген.

«H+H Technika» ЖШС атқарушы директоры Зәкіржан Мамет-Алиевтің айтуынша, аталған арена негізінде хоккейден балалар академиясын ашып, жұмысқа Еуропадан жаттықтырушыларды тарту жоспарланып отыр.

Жеке серіктестік қаржыландыру бойынша 70% шығынды компания өзіне алады, ал 30% мемлекет серіктестігіне қалады. Жобаның жалпы құны 4 миллиард  тенге.

Екі тарап тағы бір жұмыс кездесуін өткізуге келісті. Бұл уақытқа дейін мұз аренасының орынсыз, фитнес-залы мен дәмханасыз құрылысын қарастыратын болады.  Мұндай жоба 1,5 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Оценить материал
0