Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Шымкентті 2020 жылға дейін дамыту бағытындағы жұмыстар жанданады

1160
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі мен алда жүзеге асырылатын жобалар бойынша ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Былтыр қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде өсім байқалған.Өнеркәсіп өнімінің көлемі 411,6 млрд. теңгеге жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 3,2 пайызға, негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 24,1 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 2,8 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 63 пайызға өскен.

Биыл қалада қоғамдық көлік саласын дамыту, жол айрықтар мен жол салу, «Цитадель», «Шымкент сити», «Арбат», «Шымкент қауіпсіз қала» және «Ақылды қала» жобаларын жүзеге асыру мен «Шатқалдар» жобасын жүзеге асырып, қаланың жасыл белдеуін қалыптастыру.

Сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында мектептердің санын арттыру, Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру, «Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы» іс-шарасына дайындалу мен «Наурыз» мерекесін Шымкент қаласының брендіне айналдыру жобасы мен зообақты  заманауи қалыпқа келтіру және қалада кино-концерт залын салу сынды жұмыстар атқарылмақ.

Облыс әкімі Шымкент қаласын 2020 жылға дейінгі дамыту жұмыстарын жүйелі түрде атқару қажет екенін атап өтіп, болашақта инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіз қала мен ақылды қала құру, өңірдің туристік мүмкіндіктер кешеніне айналатын жаңа Шымкент брендін жасауды жүктеді.

Оценить материал
0