Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

СҚО-да «Цифрлы Қазақстан» бойынша 49 жоба жүзеге асады

1968
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен СҚО әкiмдiгiнiң отырысында цифрлендіру бағдарламасын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан iс-шаралар мәселесi қаралды. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайтында жарияланды.

СҚО әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахметтiң айтуынша, «Есiл» өңiрлiк даму орталығында цифрлендіру кеңсесi құрылып, оған бiлiктi IT мамандар шақырылынған. «Зерде» холдингiмен бiрлесе отыра облыста «Quick Wins» форматында биыл 49 жоба жүзеге аспақ.

Аталмыш жобалар облысты цифрлендіру концепциясына енгiзiлдi, 8 басым бағыт анықталды. Бұл ауыл шаруашылығы, туризм, және 6 бағыт қауiпсiздiк, көлiк, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, бiлiм, денсаулық сақтау және қаланы басқару бағыттары «Smart Петропавловск» копцепциясына ендi.

Оценить материал
0