Маңғыстауда «Қайырымдылық сөресі» жаңа жобасы қолға алынды
3141

Фото: Облыстық мешіттің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысына қарасты мешіттер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды облыстық мешіттің баспасөз қызметінен.
Облыстық мешіт жанындағы «Ізгілер жолы» қайырымдылық тобының ілкімді істерінің бірі мешітке көмек сұрап келген жандарға көмектесу мақсатында үлкен сауда орындарына арнайы азық-түлік жинайтын «Қайырымдылық сөресін» қойды.
Арнайы орынға жиналған азық-түлікті көмекке мұқтаж жанұяларға үлестіруді де бастап кетті. Жаңа жоба алдағы уақытта облыс деңгейінде жүзеге асатын болады.
Оценить материал
0
0
Поделиться
Похожие материалы