Наверх

Погода в Астане: 06 июня, ночь: +24° 3 м/с06 июня, утро: +28° 4 м/с06 июня, день: +36° 4 м/с06 июня, вечер: +22° 4 м/с

Петропавл 100 пайыз бейнебақылаумен қамтылады

1635
Фото: Ok.ru.

Бұл туралы облыс әкiмдiгiнде өткен СҚО IIД-нiң 2017 жылда атқарған жұмыстары қорытындыланған жиында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов  айтты. Өңiр басшысы полицейлердiң қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде көп жұмыстың атқарғанын атап өттi. Соның арқасында облыста қылмыс деңгейi 19,2 пайызға азайған, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Жергiлiктi атқарушы органдар полицияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңiл бөледi. IIБ-нiң 2015 жылдағы бюджетi 4,4 млрд. тг құраса, былтыр бұл көрсеткiш 5,9 млрд. тг жеттi.

Өңiр басшысы облыста бейнебақылау жүйесiн одан әрi дамытуға тапсырма бердi. Егер 2017 жылдың басында Петропавлда 74 бейнекамера орнатылса, бүгiнде оның саны 410-ға жеттi. Қамту көлемi 70 пайызға жеткен. Құмар Ақсақалов бұл көрсеткiштi 100 пайызға жеткiзудi тапсырды.

Оценить материал
0