Биыл елімізде 500 шақырым республикалық маңызы бар автожол ақылы болады
2011

Фото: alau.kz.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.
Оның айтуынша, Астана мен Алматы аралығындағы Орталық-Оңтүстік және Астана мен Өскемен аралығындағы Орталық-Шығыс дәлізідерінің құрылысы жалғасады.
- Жаңа жолдарды сапалы күтіп ұстау және қолайлы және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы ұзақтығы шамамен 500 шақырым республикалық маңызы бар автожолдарда ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр, - деді министр.
Сонымен қатар, көліктік ағымдарды тиімді басқару және инфрақұрылымның одан әрі даму қажеттілігін анықтау мақсатында цифрлық технологияларды қолданумен Интеллектуалдық көліктік жүйені кезең-кезеңмен енгізу жөнінде жоспар қабылданатын болады.
Оценить материал
0
0
Поделиться
Похожие материалы