Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Қарағандыда 47 елді мекеннің бюджеті бекітілді

1042
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағанды облысында жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеттері жалпы халық саны 2000-нан асатын 47 елді мекенде бекітілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ауылдық басшылар дербестікке қаншалықты дайын – бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыс барысында талқыланды.

- 2018-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап облыстың 47 елді мекендерінде дербес бюджет бекітілді. Жалпы көлем 5,8 млрд теңге.
Аудан орталықтары арасында ең үлкен бюджет Абайға бұйырды - 508,1 млн теңге. Ең аз бюджет Ақтоғайда – 143,2 млн тенге. 47 елді мекеннің ішінде дербес бюджеті бар 10 ауылдық жер Бұқар-Жырау ауданына қарайды.

- Аймақ әкімдеріне бөлінген бюджеттік қаражаттың, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің уақтылы және толық көлемде игерілуіне жауапкершілік артылады, - деп атап айтты Ерлан Қошанов.
Қарағанды облысында 202 кенттік әкімдіктер қызмет етеді. Халқы 2000 адамнан аз болатын 155 елді мекен бар. Олардың барлығы 2020-шы жылдан бастап дербес бюджетке ие болады деп жоспарланып отыр.

Оценить материал
0