Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Былтыр ОҚО-да 40 мың тауар өндіруші мемлекеттік қолдауға ие болған

903
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп, агроөнеркәсіп кешенде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Былтыр 40 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттік қолдауға ие болған, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қолдау нәтижесінде 2017 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 522,4 млрд. теңгеге жетіп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 77,4 млрд.тг. артқан.  Республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің үлесі бойынша облыс 2-орында.

Сондай-ақ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» облыстық филиалының жарғылық  капиталы арқылы бөлінген 4,8 млрд. теңге қаржы толығымен игерілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында  850-ге жуық шаруа қаржылай қолдау алған.

Оценить материал
0