Наверх

Погода в Астане: 14 июня, вечер: +25° 3 м/с15 июня, ночь: +17° 3 м/с15 июня, утро: +25° 3 м/с15 июня, день: +31° 5 м/с

Республикалық ғылыми жобалар байқауында Павлодарлық оқушылар жоғары жетістікке жетті

1542
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары конкурсының республикалық кезеңі  өтті. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайтында жарияланды.

Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысқан 420-дан астам жас ізденушілердің ішінде Павлодар облысының 19 оқушысы болды. Жас дарындарымыз математика, информатика, физика, техника, психология, химия, биология, экология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану бойынша 15 жобаны ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы 8 бірінші, 5 екінші, 6 үшінші жүлделі  орындарды жеңіп алып, 100% қатысу сапасын көрсетті.

І орынды «валеология және экология» секциясында дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 5 сынып оқушысы Исенова Айша, Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы Тусупаева Айжан, «тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясында Павлодар қаласы №39  орта мектебінің 4 сынып оқушысы Балашов Кирилл, Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің 5 сынып оқушылары Еркебаев Бислам мен Самат Камария, «физика және техника» секциясында Ертіс ауданы №4 орта мектебінің 7 сынып оқушылары Пятак Роман, Мамжанов Ринат, «медицина және психология» секциясында Павлодар қаласы №21 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Сапарова Даяна иеленді.     

ІІ орынға «қазақ тілі мен әдебиет» секциясында Екібастұз қаласы С.Торайғыров атындағы №22 гимназиясының 3 сынып оқушысы Сайпен Аян, «орыс тілі мен әдебиет» секциясы бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 6 және 4 сынып  оқушылары Сулейменова Альвина мен Сулейменова Адия, «медицина және психология» секциясы бойынша Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 5 сынып оқушысы Муратова Шырайлым, «физика және техника» секциясында Павлодар қаласы №21 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Захаров Богдан ие болды.

ІІІ орынға «орыс тілі мен әдебиеті», «қазақ тілі мен әдебиеті», «биология және химия» секцияларында дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 4 және 5 сынып оқушылары Глубокая Маргарита, Төлеубай Ұлжан, Лукин Кирилл, «математика және информатика» секциясы бойынша Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 4 сынып оқушысы Жалешева Айым, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 6 сынып окушылары  Темирзинова Мерей мен Абай Диана ие болды.  

Оценить материал
0