Наверх

Погода в Астане: 06 июня, день: +32° 5 м/с06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 6 м/с

Польшалық инвестор «Химфармға» қосымша 37 млн. АҚШ долларын салады

1751
Фото: Министрліктің сайтынан.

2018-2022 жылдар аралығында «Химфарм» АҚ дәрі-дәрмек өндірісі бойынша ірі қазақстандық зауытты жаңғыртудың төртінші кезеңі шеңберінде жаңа зертхананың құрылысы салынатын, инфрақұрылымы жаңғыртылатын, логистикалық объектілері модернизацияланатын, зерттеулер мен әзірлемелерге арналған жабдықтар жаңғыртылатын болады. Ал, 2018 жылдың наурыз айында зарарсыздандырылмаған ерітінділердің жаңа учаскесі іске қосылатын болады, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Польшалық инвесторлар 2018-2022 жылдарға есептелінген «Химфарм» АҚ төртінші технологиялық модернизациясына шамамен 37 млн. АҚШ долларын  салуды жоспарлап отыр.

««Іс жүзінде қазір Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ зауытында барлық негізгі өндірістердің және қосымша логистикалық алаңдардың құрылысын салу және модернизациялау аяқталған. Енді инвестициялық бағдарлама өндірістік және қосымша үдерістерді автоматтандыруға және диджиталдандыру саласындағы жаңа жобаларға, сонымен қатар сапаны бақылау және басқару жүйесі саласындағы жобаларға бағытталатын болады, - деді «Химфарм» АҚ зауытының директоры Рустам Байгарин.

Қазіргі таңда кәсіпорында 1200-ден астам білікті қызметкер еңбек етеді. Олардың бір бөлігі «Польфарма» тобының шетелдік кәсіпорындарында және фармацевтикалық сала бойынша әлемдік көшбасшысы елдерде (жабдықтарды өндірушілер) оқып келді. Компания 12 фармакологиялық топтарға жататын 115 препаратты тіркеуден өткізген. Осылайша, парентералды үлгідегі (инъекциялар және инфузиялар), қатты үлгідегі (таблеткалар, капсулалар, саше ұнтақтары), антибиотиктердің асептикалық ұнтақтары, зарарсыздандырылмаған ерітінділер және сироптар өнімдері шығарылады.

Оценить материал
0