Наверх

Погода в Астане:12 августа, день: +22° 5 м/с12 августа, вечер: +18° 6 м/с13 августа, ночь: +17° 6 м/с13 августа, утро: +16° 6 м/с

Ақтөбеде жетім балаларды қолдауға арналған әлеуметтік жоба жалғасуда

1005
Фото: Әкімдіктің сайтынан

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың  тапсырмасы бойынша қалада жетім  және  ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік – патронаттық қолдау бойынша қалалық әкімдікпен жетім балаларға демеушілерді тағайындау жұмыстары жүргізілуде, -деп хабарлайды қала әкімінің сайты.

Сонымен бірге, баланың есеп шотын тұрғын үй құрылыс жинақ  жүйесі бойынша болашақта тұрғын үй алу мақсатында қаржыландыру қарастырылған. 

Қазіргі таңда, Ақтөбе қаласы мен оған қарасты ауылдық округтардың 210 жетім баласына қала әкімі мен орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен  коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, маслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер демеушілік қолдау көрсетуде.

 «А-Расул 2006» ЖШС директоры Алтынбек Саханов қаладағы орта мектепте оқитын Айша есімді қыз баланың шотына ақша салумен қатар, онымен танысып, туған күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Оценить материал
0