Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

Ақтөбедегі жұмыссыздарға арналған курстар

1796
Фото: aktobetv.kz.

Қала бойынша 4 оқу орталығы бар. Оларда оқыған 200-ден астам адам қазір тұрақты жұмыс тапты.

Қаладағы мейрамхана, қонақ үй және ателье базасында ашылған оқыту орталықтарында былтырдан бері қайта даярлау крустары ұйымдастырылған.  Бір ерекшелігі, мұндай орталықтарда оқу тәжірибемен қатар жүргізіліп,  өздеріне қажет мамандарды жұмыс берушілер  өздері даярлайды.

Ақтөбедегі оқыту орталықтарына былтыр республикалық бюджеттен  12 миллион теңге қаржы бөлінген.  Мұндай курстар өміршеңдігін дәлелдеп, оны  аяқтағандардың тұрақты жұмысқа орналасуы жеңілдеген.Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша, осындай оқыту курстарын аяқтағандардың 72 пайызы тұрақты жұмыс тапқан.

Дереккөз: Ақтөбе телеарнасы.

Оценить материал
0