Наверх

Погода в Астане: 06 июня, день: +32° 5 м/с06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 6 м/с

Қарағандыда жаңа тәсілмен көмір шығаратын кәсіпорын жұмысын бастады

2867
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағанды аймағында «Қарағанды облысындағы В.И. Ленин атындағы шахтаның желдету көкжиегінен жоғары учаскесінде Д6 қабаты бойынша тас көмір шығару» инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. «Ақ жарық көмір» кәсіпорны Шахтинск маңындағы аумақта ашық тәсілмен көмір шығаруға кірісті, деп хабарлайды Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаның құны 300 млн теңге. Кәсіпорын басшылығының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда карьерде 100-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. 2017-ші жылдың желтоқсанында сынақ ретінде 8 мың тонна көмір шығарылды. Бірінші топтама сәйкесінше сертификат алу үшін ғылыми-зерттеу орталығына сараптамаға жіберілді.

Атқарушы директор Асқар Сұлтанбековтың айтуынша, кәсіпорын өнімін сатуға «КазРеалУголь» ЖШС-мен келісімшарт жасасқан. Алдағы уақытта көмірді Ресейге экспорттау жоспарланып отыр. 2018-ші жылы 104 мыңнан астам тонна көмір шығару  жоспарланған. Көмір разрезінің барланған қоры 1,5 млн тонна.

Оценить материал
0