Наверх

Погода в Астане: 20 февраля, день: -3° 7 м/с20 февраля, вечер: -5° 5 м/с21 февраля, ночь: -6° 5 м/с21 февраля, утро: -6° 4 м/с

СҚО-да цифрлендіру бағдарламасы нәтижесінде еңбек өнімділігі екі есеге артқан

2854
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Жамбыл ауданы әкiмi Иван Турковтың тұрғындар алдындағы қорытынды есебiне қатысты. Жиында өңiр басшысы аудан басшылығына бiрқатар нақты тапсырмалар жүктедi, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты.

2017 жылы ауыл шаруашылығы саласында iшкi жалпы өнiм көлемi 510 млрд. теңгенi құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға артты. Жамбыл ауданының көрсеткiшi жоғарырақ, 3,4 пайызды құрады. Бидайдың орташа өнiмдiлiгi — гектар басынан 21,2 центнер. Өнiмдiлiк артқан сайын тұрғындардың өмiр сапасы да арта түсу керектiгiн өңiр басшысы баса айтты. Еңбекақы қорын ұлғайту аудан әкiмiнiң басты мiндетi.

Облыс әкiмi аудан цифрлендiру жұмысына да баса мән қою керек дедi. Бұл бағытта «Атамекен Агро» серiктестiгi көпке үлгi. Дәл егiншiлiк технологиясын ауданның басқа шаруалары да енгiзулерi тиiс. Цифрлендiру бағдарламасының арқасында облыста еңбек өнiмдiлiгi екi есе артты,- дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ өңiр басшысы ет және сүт өндiрiсiн ұлғайту, өнiмдi қайта өңдеу және ауыл округтерiнде жаңа кооперативтер құру қажеттiгiн айтты.

Оценить материал
0