«2018 жылғы үздік жас метролог» конкурсы басталды

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті «Жылдың үздік жас метрологы» конкурсының өтетінін хабарлайды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Конкурсқа (35 жасқа дейін) метрологиялық қызмет, жоғары оқу орындары, метрология саласында жұмыс істейтін ғылыми және басқа да ұйымдар мен жоғары білім, сондай-ақ жоғары оқу орындарының түлегі саналатын жас мамандар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі тақырыптағы ғылыми жобалар іріктеледі:
1) жалпы және құқықтық метрология;
2) өлшеу теориясы;
3) стандарттар мен өлшем құралдарын;
4) жеке ғылыми-зерттеу, химиялық және өлшеудің басқа да түрлері;
5) ақпараттық технологиялар мен жүйелер.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: 1-кезең - Комиссияның ұсынылған ғылыми жұмысты бағалауы, 2-ші кезең- комиссияның ұсынылған ғылыми жұмыс бойынша бірінші кезеңнен өткен үміткерлерді тыңдауы.
Байқаудың қорытындысы бойынша, жеңімпаздар анықталып, «2018 жылдың үздік жас метрологы» атағы беріледі. Олар екінші және үшінші орындарға ие болады.
Конкурс жеңімпазы бірінші дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен мараптталады және «КООМЕТ ең үздік жас метролог» аймақтық конкурсында ғылыми жұмысын Қазақстанның атынан ұсынуға мүмкіндік алады. Конкурс жеңімпаздары екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Конкурс нәтижелерін қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 2018 жылдың 20 мамырында Дүниежүзілік метрология күні мерекесіне орайластырылған шаралар кезінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін материалдармен бірге берілетін өтінім 2018 жылдың 4 сәуіріне дейін мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік 11, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология орталығы .