Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, день: +17° 7 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с15 апреля, ночь: +3° 3 м/с15 апреля, утро: +7° 4 м/с

«Абай» журналының жарық көргеніне 100 жыл толды

1993
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Абай» журналы – қазақ журналистикасында өзіндік орны бар басылымдардың бірі.Қоғамдық-саяси және әдеби журналдың жарық көргеніне 100 жыл толды. Осы орайда  Орталық мәдениет және демалыс саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, «Абай» басылымының алғашқы рет жарыққа шыққанына 100 жыл толуына орай ақпараттық сағат өткізілді, деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Журналды шығару жөніндегі алғашқы ұсынысты қазақ зиялылары 1914 жылы ұсынған. Журналдың алғашқы саны Абайдың шығармашылығын насихаттауға бағытталған болса, кейіннен әлеумет, саясат, экономика сияқты қоғамдық маңызы зор тақырыптарға назар аудара бастаған.

Журнал Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін 1918 жылдың қараша айында жабылады. Қысқа мерзімде небәрі 12 саны ғана жарық көріп үлгерген «Абай» журналы, араға 74 жыл үзіліс салып, Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдан бастап оқырманымен қайта қауышты. 

Оценить материал
0