Наверх

Погода в Астане: 27 июня, день: +13° 8 м/с27 июня, вечер: +13° 5 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +13° 8 м/с

Қызылордада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы жалғасуда

2184
Фото: muftyat.kz.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын бастап, акция аясында түрлі қайырымдылық шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды облыстық мешіттің баспасөз қызметінен.

Орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бастамасымен, барлық қалалық мешіттердің қолдауымен 100 отбасыға көмек берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен, тұрмысы нашар, көмекті қажет ететін тұрғындар тізімі жасалып, оларға азық-түлік түрінде көмек көрсетіліп, арнайы дастархан жайылды. Қайырымдылық шарасында жалпы көлемі  500 кг картоп, 500 кг жуа, 1 тонна макарон өнімдері, 300 кг шекер, 200 литр май, 1 тонна ұн, 100 кг тұз таратылды.

"Жүрек жылуы" қайырымдылық шарасынан көмек алған тұрғындар ұйымдастырушыларға шексіз ризашылықтарын білдірді.

Оценить материал
0