Наверх

Погода в Астане: 29 мая, день: +28° 3 м/с29 мая, вечер: +24° 3 м/с30 мая, ночь: +19° 4 м/с30 мая, утро: +21° 4 м/с

Ең үздік бизнес-жобалар «Garage» стартап-инкубаторына таңдап алынады

2243
Фото: "Казинформ".

Бүгін стартап-жобаларды инкубациялауға арналған «Garage» тегін бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама көмегімен сарапшылар ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге тұрақты бизнес-модельдерді құрып, оларды дамытуға көмектесетін болады.

3 айға созылатын бұл жоба қатысушыларды 2018 жылдың қыркүйегінде басталатын акселерациялық бағарламаның келесі кезеңіне дайындамақ. Байқауға қатысу үшін 150-ден аса өтінім келіп түсіп, олардың ішінен ең үздік жобалар іріктеліп алынған.

Іс-шараның ашылуына ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысты. Ол Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркін құру идеясы «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қамтылғанын, сондай-ақ, жоба тұжырымдамасы халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде дайындалғанын атап өтті.

Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің басшысы Мағжан Мәдиев «Garage» және «C-Lab» стартап-бағдарламаларының қазіргі нәтижелерімен бөлісті.  Оның айтуынша, «Garage» преакселерациялық бағдарламасына 151 өтінім келіп түскен, олардың ішіндегі 43 жоба Demo Day-ге өткізілді. Одан ары қарай командалармен етене жұмыс жүргізіліп, ақпараттық сессиялар, жеке кеңес берулер өткізіледі, идеяны дамытып, оның прототипін жасайтын боламыз. Жазда жобаларды тестілеп, компаниялардың базасында іске қосқалы отырмыз – деді М.Мәдиев.

Сондай-ақ, қатысушылар жоба аясында бағдарлама жасаушылар, дизайнерлер, маркетологтар сынды мамандардың қызметтеріне қол жеткізеді, сондай-ақ, олар шапшаң интернет, жарнама жасау үшін серіктестердің берген купондары (Google Adwords, Facebook ads), бұлттық сервистер (Amazon web services, Microsoft, Adobe) сынды барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген EXPO аумағындағы кеңсені пайдалана алады.

Стартап-жобаларды таныстырумен қатар, ашылу салтанаты аясында жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамыту және отандық бизнесті халықаралық нарыққа шығару тақырыбына арналған екі панельдік сессия өтті.

MOST бизнес-инкубаторының бас директоры Алим Хамитов:

«Бүгінгі күні «Сентрас» компаниялар тобы, «Сбербанк» АҚ, UNICEF Kazakhstan, «Қазпошта» АҚ, «Astana Innovations» АҚ сынды компаниялар біздің серіктестеріміз болып табылады. Аталған компаниялар жобаға қызығушылықтарын білдіріп, стартаптар алдына міндеттер қойып, олармен бірлесе өнімдерді дамытуға дайын. Бағдарлама аясында шешімдердің прототипі жасалады. 10-ға тарта «пилоттық жоба», сондай-ақ, корпорациялар мен стартаптардың 2-3 коммерциялық өнімі іске қосылады деп күтіп отырмыз»,- деп атап өтті.

«C-lab зертханасы» - корпоративтік сектор мен стартаптар арасын жалғайтын алаң. Бағдарламаның мақсаты – жаңа идеялар мен сервистерді іздеу және корпоративтік сектордың стартаптармен байланысын дамыту.

Алдағы үш айда «C-lab» зертханасы компаниялармен бірлесе отырып, командаларға идеяларды жасап шығаруға көмектесіп, ақпараттық сессияларды өткізіп, командаларға жеке кеңес берумен айналысып, прототиптерді жасап шығарады. Ең үздік жобалар тестілеу сатысына өткізіліп, жүзеге асыру жөнінде шарт жасасуға мүмкіндік алмақ.

Оценить материал
0