Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының филиалы ашылады

2161
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

2018 жылы 8 ақпан күні сағат 15.00-де Еуразия гуманитарлық институтының колледжінде  Қазақстан Республикасы бойынша алғаш рет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының филиалы ашылады, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінен.

Іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова қатысады. Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттері және рөлі туралы осы колледжде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  ҚХА кафедрасының меңгерушісі, профессор Анатолий Башмаков айтып береді.

Сондай-ақ іс-шараның салтанатты бөлігінде колледжге және жаңадан ашылған филиалға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әдіснамалық және көмекші-оқу құралдарын тарту етпек.

Оценить материал
0