Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

Қарағандыда жұмыспен қамту орталығы ашық есік күнін өткізеді

5403
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағандыда жұмыспен қамту орталығында 9-шы ақпанда 09.00-ден 18.00-ге дейін ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Мамандар жұмыспен қамтуға қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес беретін болады. Келушілер қызықтырған сауалдарына жауап алып, тұрақты немесе уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар қысқа мерзімді оқыту курстарына жазылып, жаңа форматтағы мақсатты әлеуметтік көмек алуға қатысты жеке кеңес ала алады.

Жұмыспен қамту орталығының мекенжайы: Бұқар Жырау 51/4, 4-ші қабат.

Оценить материал
0