Наверх

Погода в Астане: 19 августа, ночь: +19° 2 м/с19 августа, утро: +18° 4 м/с19 августа, день: +23° 5 м/с19 августа, вечер: +18° 3 м/с

Талдықорғанда биыл 100 аула абаттандырылады

2193
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Көрме павильонында Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаевтың ел алдындағы есеп беру жиыны өтті.

Қала әкімінің айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісіндегі өнім көлемі 67,0 млрд. теңгеден асып, 2016 жылмен салыстырғанда 15 % артты. Өткен жылы 7 кәсіпорын іске қосылып, қолданыстағы 2 өнеркәсіп кеңейтілген. Соның нәтижесінде 237 жаңа жұмыс орны құрылды.

Баяндамадағы мәліметтерге жүгінсек, ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 16 млрд. теңгеге жеткен, қаладағы 71 шаруа қожалығы «Агробизнес - 2020» бағдарламасы шеңберінде 5 кооперативке біріктірілген.

Биылғы жылы құрылыс саласындағы басым бағыттың бірі – коттедж қалашығын салу. Жыл соңына дейін құны 2,4 млрд. теңге болатын 202 пәтерлі 166 коттедж тұрғызу көзделген. Сонымен қатар жыл аяғына дейін бюджет қаражаты есебінен 520 пәтерлі 9 көпқабатты үй, жеке қаражат есебінен 195 пәтерлі 4 көпқабатты үй салынады.

Сол сияқты биылғы жылы қала әкімдігі 100 ауланы абаттандыру жобасына кіріспек. Соның ішінде 50 аула аумағы кәсіпкерлердің көмегімен «Туған жер» жобасы бойынша жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты. 

Оценить материал
0