Павлодарда нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда

- Қазіргі таңда азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілерден бос жұмыс орындары бойынша 1896 өтініш келіп түсті, - деп хабарлайды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.
Кәсіпорындардың 2018 жылы жұмыс күшіне қажеттілігі 8,0 мыңға дейін жұмыс орынын құрамақ. Жастар тәжірибесі арқылы оқу бітірген түлектер 67 кәсіпорында 6 айлық жұмыспен қамтылды, бұл 255 жұмыс орыны. Ақпан айында ай сайын 16 759 мың теңге шәкіртақы тағайындалған 3 айлық қысқа мерзімді оқу курстары басталды.
Оқыту қаладағы 8 оқу мекемесі базасында ұйымдастырылатын болады. Ал, орта білімі жоқ жастар үшін шәкіртақы тағайындалған кәсіптік және техикалық білім беру мекемелері базасында 1 жыл 10 ай мерзімі аралығында мамандық алуға болады, - дейді «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова .