Жезқазғанда кардиохирургиялық орталық ашылады

Наурызда Жезқазған қаласында кардиохирургиялық орталық ашылады, оның мамандары арнайы оқудан өткен. Ол жайлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Асқар Хорошаш Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша,бүгінгі таңда облыста «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысынан анағұрлым маңызды бөлек бағыттар бойынша 7 мамандандырылған ахуалдық орталықтар қызмет етуде. Бұл емделушілерге бірінші кезекте дертті диагностикалауда жоғарытехнологиялық тәсілдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ахуалдық орталықтар облыстық кардиоорталық, облыстық медицина орталығы, онкодиспансер, тубдиспансер, Мақажанов атындағы травмотология және ортопедия орталығының жанынан ашылды. Барлық жедел жәрдем станцияларын қазір бірыңғай диспетчерлік қызмет біріктіреді.
Дереккөз: Облыс әкімінің ресми сайты.