Наверх

Погода в Астане: 23 января, вечер: -5° 5 м/с24 января, ночь: -7° 4 м/с24 января, утро: -9° 4 м/с24 января, день: -5° 2 м/с

Солтүстік Қазақстанда инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылады

2621
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

СҚО бiлiм басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында «Өрлеу» орталығы филиалының директоры Алма Мырзалинова өңiрде инклюзивтi бiлiм берудiң ресурстық орталығын ашу жөнiнде ұсыныс айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Облыста қазiр ерекше қажеттiлiктерi бар 4593 бала бар, оның iшiнде 1471-i мүгедек. Қазiр мектептерде инклюзивтi бiлiм беру жүйесi бойынша 1784 бала оқып жатыр. Балабабақшалар мен шағын орталықтарға 500-ге жуық бала барып жүр.

Орталықтың басты мақсаты — инклюзивтi бiлiм берудiң теориясы мен тәжiрибесiн бiрiктiре отыра, әр деңгейде үздiксiз сапалы бiлiм берудi қалыптастыру болып табылады.

«Ерекше қажеттiлiктерi бар балаларға арналған ресурстық орталығын ашу өте орынды ұсыныс. Бiз қолдауға дайынбыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Инклюзивтi бiлiм беру әр балаға оның мұқтаждығына және басқа мән-жайларға байланыссыз, өз әлеуетiн және бiлiм алуға құқығын iске асыруға мүмкiндiк бередi.

Оценить материал
0