Павлодарлық студенттер қоғамдық көліктерде тегін және жеңілдіктермен жүреді

Жастарға қызмет көрсету орталығында Павлодар облысында күндізгі оқу негізінде оқитын студенттер үшін қоғамдық көліктерде тегін және жеңілдікпен жол жүру бойынша меморандумның орындалуы бойына брифинг өткізілді, деп хабарлайды қала әкімінің ресми сайты.
- Студенттерді тегін және жеңілдікпен жол жүрумен қамтамасыз ету мәселесі бірнеше жылдар көлемінде көтеріліп келді және бүгінгі күні жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасы бойынша 2018 жылы шешімін тапты, - деп облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Наталья Нефедова мәлімдеді.
- Автобустар мен трамвайларда тегін жүру құқығына күндізгі негізде оқитын студенттердің үш санаты ие болады. Бұлар жетім балалар, студенттер қатарындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1 және 2 топтағы мүгедек студенттер және күндізгі негізде оқитын атаулы әлеуметтік көмек алатын студенттер, - деп қалалық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автокэлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Асылбеков атап өтті.
Жоғары оқу орындарында және ТиПО ұйымдарында (1 мен 4 курс аралығында) күндізгі негізде оқитын студенттер 50 % жеңілдікпен 4400 теңгеге ай сайынғы қоғамдық көліктерде (автобус, трамвай) жол жүру билетін сатып ала алады.