«ҚазАгро»Холдингі» АҚ былтыр Павлодар облысының АӨК қолдауына 10,1 млрд.теңге бағыттаған

2001 – 2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд. теңге инвестицияланды . Филиалдың қызмет ету уақытында 22,5 млрд. теңге сомасына 2 334 бірлік техника сатып алу, сонымен қатар 13,9 млрд. теңге сомасына 43 инвестициялық жоба қаржыландырылған.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясының қолдауымен аймақта еліміздің АӨК дамуына бағытталған кәсіпорындар құрылып, Павлодар облысында 68 300 тонна сыйымдылығы бар 8 көкөніс сақтау қоймалары салынды. Сонымен қатар Ұлттық Холдингтің қолдауымен аймақта 5 сүт-тауар фермалары, 6 бордақылау алаңдары мен репродукторлар іске қосылды.
«ҚазАгро» Холдингі» АҚ компаниялар тобымен былтыр Павлодар облысының АӨК қолдауына 10,1 млрд.теңге бағытталса, республика бойынша 2017 жылы Холдинг агросаланы қаржыландыруға 226 млрд.теңге сома бағыттады.
2017 жылы Холдингтің несиелік ресурстары облыста 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді .
Павлодар облысы бойынша Холдингтің инвестициялық портфелінде 22,7 млрд.теңге сомасына 46 жоба бар. Іске қосылу мерзіміне 1619 жұмыс орындары құрылды. Бүгінгі уақытта 18,3 млрд.теңге сомасына 42 жоба іске қосылды, 1539 жұмыс орындары құрылды.
2017 жылы 2,4 млрд.теңге сомасына 12 несие серіктестері қаржыландырылды, 3 млрд.теңге сомасына 163 бірлік ауыл шаруашылық және арнайы техникасын сатып алуға шарттар жасалды, 2,1 млрд.теңге сомасына 480 микронесие берілді, деп хабарлайды «ҚазАгро»Холдингі» АҚ баспасөз қызметінен.