Наверх

Погода в Астане: 29 мая, день: +28° 3 м/с29 мая, вечер: +24° 3 м/с30 мая, ночь: +19° 4 м/с30 мая, утро: +21° 4 м/с

Елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы бойынша жаңа жұмыс тобы құрылуда

2116
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.

Оның мәлімдеуінше ,Үкіметтің 9- ақпанда өткізілген кеңейтілген отырысындағы тапсырмаларға сәйкес,  төртінші МӨЗ құрылыс бойынша  халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен бұрын құрылған жұмыс тобы МӨЗ-дердің жаңғыруынан кейінгі автобензин, дизельдік отын және әуе керосин өндірісі бойынша тұтыну болжамының толық талдауын жасаған.

Болжамды тұтынушылықты есептегенде бензин тапшылығы 2021-2013 жылдарда, дизельдік отын 2023 жылға қарай, әуе керосинінің тапшылығы 2026 жылға қарай пайда болуы мүмкін, деген министр қажеттілікке орай  төртінші мұнай-өңдеу зауыты бойынша жаңа жұмыс тобы құрылатынын  жеткізді.

- МӨЗ-дің құрылысы мен қаржыландыру нұсқалары, мерзімдері, әлеуетті инвесторлармен келіссөз жүргізу үшін жаңа жұмыс тобы құрылуда. Жұмыс тобының тиісті жол картасын дайындап, 15 ақпанда ведомствоаралық комиссияның отырысында бекітуге ұсынатын боламыз, - деді министр.

Оценить материал
0