ОҚО-да түрлі этнос өкілдері өздері өндіріп жатқан тауарларын жұртшылыққа ұсынды

Оңтүстікте облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Әр ұлттың бренді» тақырыбында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Көрме барысында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген түрлі этнос өкілдері өздері өндіріп жатқан тауарларды жұртшылық назарына ұсынып, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіп ашу негіздеріне әсіресе жұмыссыз азаматтар мен студенттер қауымының қызығушылығы жоғары болды.
Іс-шараның ашылуында сөз алған ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов өңірдегі этномәдени бірлестіктер мәдени шарлар өткізумен ғана шектелмей, аймақтың экономикалық әлеуетін арттыруға зор үлес қосып келе жатқанын айтты.
ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы алдағы уақытта мұндай іс-шараларды тұрақты өткізбек.