Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Қызылордада тамыз айында республикалық «Сауда үздігі» байқауы өткізіледі

995
Фото: inform.kz.

Қызылордалықтардың кәсіппен айналысуға деген ниеті жоғары. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов облыстық қоғамдық кеңесте жасаған хабарламасында айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Оның айтуынша, жыл өткен сайын аймақта саланы игеруде оқысам, білсем деген азаматтардың қатары еселеп артуда. Бүгінде Палата жанындағы «Бизнес кеңесші» курсына азаматтар жыл бұрын жазылып қоюды бастады. Былтыр аталған курс аясында оқыған азаматтар саны жоспарлаған межеден екі есе артып 1555- ке жеткен.

-  Биылғы жылы да облыс бойынша 800 азаматты «Бизнес кеңесшінің» аясында оқытамыз деп отырмыз. Бүгінгі күнге дейін курсқа жазылушылардың қатары 1121 болды,- дейді Ғ.Жақсылықов.

Өңірдің кәсіпкерлік саласына тың серпін берген – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қолға алынған «Бастау бизнес» жобасы аясында биыл 7 ауданнан 1600 адамды оқыту көзделуде.

«Сауда үздігі - 2017» республикалық байқауында қызылордалық кәсіпкерлер бірнеше номинациялар бойынша І орынды жеңіп алды.

- «Үздік бөлшек сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша - «Браунис Қазақстан» ЖШС-гі І орын;

- Үздік демалыс аймағы номинациясы бойынша – «Нұр-назар» ЖШС-нің «Арай» спорттық-сауықтыру кешені І орын,

- «Үздік көтерме сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша -«Абзал және К» ТС-гі І орынды еншіледі;

- «Жылдың үздік басшысы» номинациясының гран-приі - «Абзал және К» ТС-нің директоры М.Сәрсенбаевқа берілді.

Нәтижесінде қызылордалықтардың байқау қорытындысымен І орынға ие болуына орай, биылғы жылы «Сауда үздігі» республикалық байқауы Қызылорда облысында өтетін болды. Байқауды өткізу  тамыз айына жоспарланып отыр.

Оценить материал
0