Наверх

Погода в Астане: 23 мая, ночь: +9° 8 м/с23 мая, утро: +9° 9 м/с23 мая, день: +14° 8 м/с23 мая, вечер: +12° 3 м/с

Шаңғы эстафетасы бойынша әскери бөлімдер мен мекемелер арасында чемпионат өтті

81
Фото: Министрлік сайтынан.

Әскери ортада жаппай спортты дамыту шеңберінде Астананың Орталық саябағында Ақмола өңірлік гарнизонының бөлімшелері құрамында шаңғы эстафетасы бойынша чемпионат өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Сайысқа Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшылары басқармалары, 14776, 68665, 83205, 44513, 87962 әскери бөлімдері, Ұлттық қорғаныс университеті, Әскери полиция жасағы, «Жас ұлан» республикалық мектебінің командалары қатысты.

Әр команданың құрамына 6 адам кірді. Ер адамдарға 2500 метрге, ал әйелдерге 1000 метр қашықтыққа еркін стильмен жүріп өтуге тура келді.

68665 әскери бөлімінің командасы үздік шықса,екінші орын Ұлттық қорғаныс университетінің командасына берілді. Ал үшінші орынды Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының командасы еншіледі.

Турнир жеңімпаздары тиісті дәрежедегі кубок және грамоталармен марапатталды. Шаңғы эстафетасы  әскери қызметшілер арасындағы дене дайындығының деңгейін арттыру, спорттық шеберлік пен әскери-кәсіби дайындықтың деңгейін шыңдау  мақсатында өткізіледі.

Оценить материал
0