Наверх

Погода в Астане: 07 мая, день: +18° 5 м/с07 мая, вечер: +14° 3 м/с08 мая, ночь: +7° 3 м/с08 мая, утро: +15° 2 м/с

Павлодарлықтар Наурызды 40 күн тойламақ

1010
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Биыл Павлодар облысы Наурызды 40 күн – наурыздың 22-нен сәуірдің 30-на дейін тойлайды. Бұл туралы облыстық әкімдікте аймақ басшысы Болат Бақауовтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде мәлім болды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

– Ертеде халқымыз Наурызды түрлі кезеңде атап өткен, ата-бабаларымыз үшін наурыз бір күндік мереке болып саналмаған, ол көктемнің басы, жаңару мерекесі– дейді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков.

Оның айтуынша, қырық күн бойы барлық қалалар мен аудандарда түрлі шаралар өткізіледі. Облыс орталығындағы салтанатты іс-шараның режиссері ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ретро жұлдыздар шақырады», «Айтыңыз қабыл болсын», «Жаңа жылда – жаңа жұлдыздар» жобаларын жүзеге асырған Асқар Наймантаев шақырылды.

30 сәуір күні Үкімет қаулысы бойынша демалыс деп жарияланады. Бұл күні Орталық алаңда этноауыл құрылып, түрлі ойын-сауықтар, спорттық сайыстар өткізіледі.

Оценить материал
0