Наверх

Погода в Астане: 06 июня, вечер: +26° 4 м/с07 июня, ночь: +21° 3 м/с07 июня, утро: +27° 3 м/с07 июня, день: +34° 8 м/с

Биыл «цифрлық дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуына бағытталған тұжырымдама әзірленеді

1814
Фото: Министрлік сайтынан.

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

- 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция  4,7%-ға өсті және Индустрияландыру картасы аясында 1,5 трлн. теңгенің 120 жобасы іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды,- деді министр.

 Оның айтуынша, биыл жалпы сомасы 1 трлн. теңге болатын 150-ден астам жобаны іске қосылып,  15 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Индустрия 4.0-ге көшу үшін бастапқы қажетті жағдайлар жасалды. Биыл цифрландыруды ынталандыруға қатысты кейбір қолдау шараларын ішінара қайта қарау жоспарланып отыр.

2018 жылғы Жолдауда жүктелген тапсырмаларға сәйкес, инновация және өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жаңа жаһандық технологиялық үрдістерді ескере отырып, жыл аяғына дейін «цифрлық дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуына бағытталған Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы Тұжырымдамасы  әзірленеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл инвестиция тарту мәселесі күшейтілетін болады. Жалпы индустрияландыру жылдарында (8 жыл) өңдеу секторына 28 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. 2017 жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібінің ТШИ-дегі үлесі 24%-ға дейін өсті»,- деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

2018 жылы республикалық маңызы бар 528 шақырым автожолды реконструкциялау жоспарланған.

2017 жылғы тұрғын үй құрылысы жалпы ауданының физикалық көлем индексі 106,2%. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100,8 мыңнан астам отбасы баспаналы болған.

Оценить материал
0