Женевада Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференциясына дайындық талқыланды

Женева қаласында (Швейцария) ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастапқы медициналық-санитариялық көмек бойынша ДДҰ/ЮНИСЕФ Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.
Семинардың мақсаты: Алматы декларациясының 40 жылдығы шеңберінде қабылданатын негізгі халықаралық құжаттарды талқылау, бүкіл әлемде БМСК жағдайы бойынша білім алмасу, ағымдағы 25-26 қазанда Қазақстанда Конференцияны өткізу үшін сараптамалық пікір жинау.
ДДҰ бас директорының көмекшісі проф. Наоко Ямамото денсаулық сақтау саласындағы жаһандық күн тәртібін бастапқы медициналық-санитариялық көмекке қайта бағдарлайтын Қазақстандағы Конференцияның маңыздылығы туралы атап өтті.
Өз кезегінде, Елжан Біртанов соңғы 40 жылдың ішінде денсаулық сақтау жүйелерінің басымдықтары өзгергенін атап өтті. Алайда, медициналық көмектің бастапқы буынының негізгі рөлі анық қалатын болады. Алматы декларациясына бұл бейілділікті тойлауды әріптестердің басым көпшілігі және ДДҰ мүше мемлекеттер қолдайды.
Елжан Біртанов: «1978 жылғы бастапқы Декларацияның бейілділігін растай отырып, біз 2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында және БҰҰ бас ассамблеясында кейіннен қарау үшін заманауи талаптарға жауап беретін және 21 ғасырда БМСК перспективасын беретін жаңа құжат қабылдауды ұсынамыз» деп атап көрсетті.
Халықаралық агенттіктердің сарапшылары мен басшылары Декларацияның 40 жылдығы ДДҰ, ЮНИСЕФ және мүше елдердің күн тәртібінде денсаулық сақтау қызметтерін жалпыға бірдей қамтамасыз еткізудегі негізгі басымдық болып табылатын қозғалыс екеніне келісті.