Қарағанды облыстық ІІД-де жауынгер-интернационалистерге құрмет көрсетілді

Қарағанды облыстық ІІД-де кеңес әскерін Ауғанстаннан шығарылуына 29 жыл толуына байланысты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.
- Қаза тапқан сарбаздардың ерлігі алдында бас иеміз, біз қазір де сол кездері қарулы қақтығыстарға қатысқан жауынгерлерді, көз жұмған азаматтардың отбасыларын ұмытуға құқымыз жоқ, - деді облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков.
Жауынгер-интернационалистерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Өзінің естелік әңгімелерімен Ауған соғысының ардагерлері және мүгедектері Кеңесінің төрағасы Талғат Хасенов бөлісті.
Облыстық Ішкі істер органдары қатарында 57 жауынгер-интернационалистер қызмет етті. Енді олардың барлығы дерлік зейнеткерлікке шықты. Полиция қызметінде жалғыз ғана Ауған соғысына қатысушы қалды – облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев.
Жауынгер-интернационалистерді еске алу күні 15-ші ақпанда атап өтіледі .
1989-шы жылы Ауғанстаннан кеңес әскерін шығару аяқталды.
Ауған соғысы 1979- жылы басталды. Кеңес әскерін шығару 1988-ші жылы сәуірде құрылған Женева келісіміне сай 1988-ші жылдың 15-ші мамырында басталды.
10 жылға созылған қақтығыс кезінде Ауғанстан арқылы шамамен жарты миллионға жуық кеңес жауынгерлері өткен. Ресми мәліметтерге сай қаза тапқандар және із-түзсіз жоғалғандар саны 15 мыңға жуық.