Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Академик Ж.Әбділдиннің мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция өтуде

1048
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР ҰҒА академигі, Қазақ КСР ғылым және техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлығының, «Достастық жұлдызы» мемлекетаралық сыйлығының лауреаты Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдиннің 85 жылдық мерейтойына арналған «Әлемдік философияның өзекті мәселелері, адам, оның санасы мен адамгершілігінің дамуы» атты III халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтуде.

Бұл Еуразия ұлттық университетінің қазіргі әлемдегі философияның өзекті мәселелерін, адам, оның санасы мен адамгершілігі мәселелерін зерделеу мақсатымен халықаралық деңгейде ұйымдастырып отырған үшінші конференциясы.

Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдин әлемдік философиялық ойдың, оның ішінде диалектикалық логика мен таным теориясының, философия тарихы мен ғылым әдіснамасының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ғалым. Академик Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы ретінде танымал.

Конференцияның алғашқы күні Казақстан, Ресей, Германияның көрнекті философтары пленарлық мәжілісте баяндама жасады. Сонымен қатар осы күні  конференция шеңберінде «Философия тарихы, таным теориясы мен ғылым әдіснамасының өзекті мәселелері» , «Қазіргі әлемдегі адам және адамгершілік мәселелері», «Ж.М. Әбділдин және диалектикалық логика мен таным теориясы, адам мен адамгершілік мәселелерінің талдануы»  тақырыбында үш секция жұмыс істеуде.

Ал ертең 17 ақпанда сағат 10.00-де академик Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдин аудиториясында дөңгелек үстел отырысы, көкейкесті философиялық мәселелерді талқылау іс-шаралары ұйымдастырылып, кітаптардың тұсаукесер рәсімі болады.

Конференцияға Қазақстанның, ТМД және өзге де шетелдің жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің философтары, ғалымдары, PhD докторанттары, аспиранттары, магистрлері қатысады деп жоспарланған.

Оценить материал
0