Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, ночь: +2° 4 м/с14 апреля, утро: +6° 5 м/с14 апреля, день: +17° 6 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с

Автожолдардың 500-ге жуық қауіпті учаскесі бақылауға алынды

828
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қазіргі уақытта тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызмет ұйымдастырылды және автомобиль жолдарына күзет қойылып, 476 қауіпті учаске , 942 құбыр және 101 көпір бақылауға алынды. Бұл туралы орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2018 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелеріне арналған Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Оның айтуынша,пойыздардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін мұз айдыны мен су тасқынының суын өткізу үшін жолдар мен жасанды құрылғыларды дайындау бойынша іс-қимыл жоспары бекітілген,бұл іс-қимыл жоспары аясында судың шайып кетуіне қарсы 42 пойыз әзірленіп, қажетті материалдар мен керекті құралдар дайындалған.

Сонымен қатар, 2017-2020 жылдары тасқын қатерін ескерту мен алдын алу шараларының жиынтығы» Жол картасы аясында ұзақтығы 23,6 шақырым болатын Көкпекті – Қарағайлы учаскесінде «Қарасор көлін айналып өтетін теміржол құрылысын» салу қарастырылған.

- Бүгінгі таңда «Транспроект» ЖШС  жобалық-сметалық құжаттама жобасын әзірлеу жөнінде шарт жасады.  Оны әзірлеу биыл 30 наурызда аяқталады. Жалпы, бұл учаске құрылысын аяқтау мерзімі 2019 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр-,-деді министр Жеңіс Қасымбек.

Оценить материал
0