Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

Астанада туберкулезге шалдығу төмендеген

2294
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Елімізде 2016 жылдан бастап туберкулезді жаңа дәрілермен емдеудің қысқа мерзімді схемалары енгізілуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қала әкімдігінде «Туберкулездің бизнеске ықпалы» тақырыбына арналған баспасөз конференциясында мәлім болғандай, Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2017-2018 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес, Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Туберкулездің таралуы» («Tuberculosis incidence») факторы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен (138 елдің ішінен 92-орын алған) салыстырғанда 2 позицияға жақсартып, 138 елдің ішінен 90-орынға тұрақтаған.

Қазақстанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,4 есеге төмендеп, 2007 жылы 100 мың халыққа шаққанда 126,4-ті құраса 2017 жылы 52,2-ні құраған. Өлім-жітім жағдайы 100 мың халыққа шаққанда 6 есеге төмендеп, 3,0-ді құрап отыр.

Қазіргі күнде елімізде туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи әдістері қолданылуда. Барлық облыстық, қалалық және өңірлік туберкулезге қарсы ұйымдардағы бактериологиялық зертханаларда туберкулезді және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезді тез диагностикалау (2 сағат ішінде) бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар енгізілген: BACTEС MGIT-960, Hain-test и Genе-Хpert.

« 2017 жылдың қорытындысы бойынша амбулаториялық жағдайда ем қабылдауды бастаған туберкулезге шалдыққан науқастардың үлес салмағы 25,1%-ға өсіп, 40,3% құрады. Елімізде туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу нәтижелілігі айтарлықтай жоғары. Атап айтсақ, еліміз бойынша алғаш айқындалған туберкулезге шалдыққан науқастардың сауығып кетуі 2016 және 2017 жылдарға сәйкес 86,9% және 87,0% құрады. Ал, көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез жағдайы үстіміздегі жылы жақсарып, 2016 жылғы 74,8% көрсеткішіне қарсы 78,2% құрады», деді Астана қаласы Туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Анна Цепке.

Оценить материал
0