Наверх

Погода в Астане:26 сентября, вечер: +6° 3 м/с27 сентября, ночь: +4° 3 м/с27 сентября, утро: +6° 3 м/с27 сентября, день: +15° 3 м/с

Түркістанда «Тарихи таңдау» атты көшпелі экскурсия өтті

2783
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Түркістан қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Тарихи таңдау» атты көшпелі экскурсия өтті, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, университет ректоры У.Әбдібеков және оқу орнының студет жастары қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, көшпелі экскурсияның маңыздылығына тоқталды.

- Елбасымыздың қайраткерлік жолындағы барлық маңызды құжаттары топтастырылған бұл көрменің орны ерекше. Өскелең ұрпаққа үлкен тәлім, тағылым, жігер сыйлайтыны анық. Мұндай шараның біздің өңірде өтіп  жатқандығы қуантады, - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Елбасы кітапханасының «Тарихи таңдау» көшпелі экскурсия көрмесін тамашалауға Түркістан жұртшылығы белсене қатысты. Келушілерге Н.Ә.Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап, ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және ҚР Тұңғыш Президентіне дейінгі еңбек жолы жайлы баяндайтын маңызды материалдар ұсынылды. Сондай-ақ, жұртшылық назарына Президенттің сирек кездесетін бейнешежіре кадрлары мен фотосуреттер көрсетілді.

Оценить материал
0