Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Елордада сары ауруға байланысты мектепте кешенді санитарлық өңдеу жүргізіледі

1789
Фото: ҚазАқпарат.

Астанадағы №35 мектепте оқушыдан А гепатиті анықталуына байланысты кешенді санитарлық өңдеу жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы білім басқармасының қызметкерлері мұны растап отыр. Қазіргі кезде білім мекемесінде толық санитарлық өңдеу басталып үлгерді, дегенмен мектеп карантинге жабылған жоқ.

«Оқушысы ауырған сынып карантинге жабылды, мектепке енді келе жатқан балаларды кіргізуге, оқушыларды бір сыныптан екінші сыныпқа өткізуге тыйым салынды, сондай-ақ үйірмелердің, секциялардың, мәдени шаралардың жұмысы тоқтатылды», - деп мәлімдеді Астана білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мектептегі жағдай бақылауға алынған. Үш күннен артық сабаққа келмеген оқушы тек дәрігердің анықтамасымен ғана сабаққа кіргізіледі.

Білім басқармасындағылардың айтуынша, бұл шаралар бір ай жалғасады, қажет болған жағдайда одан да көпке созылуы мүмкін.

Оценить материал
0