Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Ақтөбеге туберкулезді 2 сағатта анықтайтын құрылғы әкелінді

1767
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Медициналық кластерді дамыту шаралары аясында Ақтөбеге алғаш рет Америкадан туберкулезді 2 сағатта анықтап беретін  арнайы аппарат әкелінді. Республика бойынша мұндай құрылғының 33-і пайдалануға берілсе, соның 9-ы Ақтөбе облысына әкелінді. Бұған арнайы мамандар әзірленіп, аудандарда диагностикалық жұмыстар басталды.

2018 жылдың жоспары бойынша Ақтөбе облысында 40 адам жалпы режимде, 72 науқас оқшау емделетін болады. Қазіргі таңда оған қажетті барлық дәрі-дәрмектер мен препараттар Жапония және Америкадан алынып қойылған.  Ақтөбелік дәрігерлер туберкулезді емдеудің жаңа тәсілдері мен әдістерін қолданып науқастарды емдеп жатыр.

Дереккөз: «Ақтөбе» телеарнасы.

Оценить материал
0