Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, день: +17° 7 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с15 апреля, ночь: +3° 3 м/с15 апреля, утро: +7° 4 м/с

Биыл Транскаспий көлік бағдарымен 4 млн.тонна жүк тасымалданбақ

1202
Фото: «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінен.

Анкарада «ТККБ» ХҚ» ЗТБ жалпы жиналысының отырысына қатысқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Түркияның көлік және коммуникациялар министрі Ахмед Арсланмен кездесті.

Кездесу барысында көлік және логистика саласындағы серіктестікті дамыту жайы талқыланды, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.

Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы «Орта дәлізді» дамыту мәселесі қаралды.

Тараптар 2018 жылы ТККБ аумағында төрт миллион тонна жүк тасымалдау, оның ішінде 15 мың ЖФЭ контейнерлік (75 мың тонна) бағдар жоспарлауды келісті.

Дөңгелек үстелдегі отырыс барысында халықаралық дәліздегі қызметті одан әрі дамыту, жүк тасымалын тоқталыссыз ұйымдастыру, бағдардағы тарифтік қолайлы ахуалды жасау жайлары талқыланды.

Қ.Алпысбаевтың айтуынша, ТККБ қатысушы елдердің белсенділігі нәтижесінде жүк тиеу көлемін көтеру, инфрақұрылымға жаңа жүк ағындарын тартуға мән берілуі керек.

Отырыста ТККБ 2018 жылға арналған тарифтік мөлшерлеме жайы, 2018 жылы Баку-Тбилиси- Карс жаңа теміржол желісінің қоса алғандағы әлеуетін талқылап, бекітті.

Оценить материал
0