Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, день: +17° 7 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с15 апреля, ночь: +3° 3 м/с15 апреля, утро: +7° 4 м/с

Солтүстік Қазақстанда биылға жоспарланған мәдени шаралар

648
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Облыста тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, мәдениетті дамыту бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда.  Жол картасына сәйкес 2017 жылы 33 нысан қолданысқа берілді, соның ішінде 24 демалыс орталығы және 9 кітапхана бар. Бұл туралы облыс әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесуінде мәлім болды.

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада латын әліпбиін үйрену бойынша орталық ашылды, бұл тұрғындарға қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру бойынша түсіндіру жұмысын қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Бұл жерде республикадағы және өңіріміздегі алғашқы коворкинг-орталық ашылды. Осындай орталықтарды облыстың ауылдық кітапханаларында ашу жоспарланып отыр.

2018 жылға көптеген мәдени шаралар жоспарланған. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы жерлестерінің құрылтайы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы, ақын, сазгер, әнші Сегіз серінің 200 жылдығы, Қожаберген жыраудың 355 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу, Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері, 2018 жылы Петропавл қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясындағы мәдени-бұқаралық шаралар бар.

2018 жылы 500 орындық қазақ театрының жаңа ғимаратының құрылысы және Петропавл қаласында  ақын, қолбасшы Қожаберген жырау Толыбайұлының 355 жылдық мерейтойына орай ескерткіш-мүсінін орнату жоспарланған.

Оценить материал
0