Наверх

Погода в Астане: 07 декабря, день: +1° 7 м/с07 декабря, вечер: +1° 7 м/с08 декабря, ночь: +1° 6 м/с08 декабря, утро: -2° 5 м/с

Қарағандыда кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салды

2503
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағанды облысының әкімдігінде аймақ басшысы Ерлан Қошановтың төрағалығымен кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты жиналыс өтті. Бизнесмендер атқарушы билік органдары шешімін табуға көмектесе алатын өзекті мәселелерді ортаға салды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Шет ауданында 11 ауылшаруашылық кооперативтерінің 4-де желілерге қосылуға қатысты проблемалары бар. Бұл мәселе жергілікті әкімнің бақылауында. Ал Нұра ауданында әкім Ниқанбай Омархановтың айтуынша, бұл мәселе шешімін тапқан.

Сонымен қатар жиналыста кәсіпкерлер жер аукциондарының мерзімділігі тақырыбын қозғады. Серіктес қалалар мен ауылдық аудандарда жер телімін тек саудаға қатысып қана алуға болады, алайда сауда өткізілмейді. Бұл мәселеге қатысты кәсіпкерлер әсіресе Шахтинск басшылығына наразылығын жеткізді. Онда 2017-ші жылы бірде бір сауда жүргізілмеген екен.

- Біз жер телімдерін бермеуіміздің себебі - аукциондар өткізуге қаражат қарастырылмаған. Биылғы жылы 27 жер бөліктерін саудалаймыз деп жоспарлап отырмыз, бұл мақсатқа 5 миллион теңге қарастырылды, - деп мәлімдеді Шахтинск әкімі Сержан Аймақов.

Жағдайды жақсарту үшін кәсіпкерлер іс жүзіндегі бос жер телімдерінің электрондық картасын жетілдіруді ұсынды. Олардың пікірінше, мәліметтерді уақытылы жаңартып отыру керек, сондай-ақ тізімге толығырақ мәлімет қосқанда ғана, әлеуетті сатып алушыда алдын ала жер телімінің сипаттамасымен танысып алуға мүмкіндігі болады.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қала және аудан әкімдеріне жиналыс барысында ортаға салынған осы және басқа да мәселелерді шешу жолдарын табуды жәнеде оларды жақын уақытта көрсетуді тапсырды.

Оценить материал
0