Наверх

Погода в Астане: 30 марта, день: +2° 6 м/с30 марта, вечер: -3° 4 м/с31 марта, ночь: -5° 4 м/с31 марта, утро: -4° 5 м/с

Алғыс айту күні қарсаңында «Жас ұландықтар» Қарағандыдағы қарттар үйіне барды

1977
Фото: Министрлік сайтынан.

Кеңес Одағының Екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде қарт адамдарға арнап концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

«Жас ұлан» мектебінің басшылығы мекемені шефтікке алып, іргелес жатқан аумақты тазалау жөніндегі барынша көмек көрсетіп, егде адамдарды қаладағы әртүрлі шараларға алып жүріп, ай сайын шағын көркемөнерпаздардың концертін ұсынып отырғандарына екі жылдың жүзі болды. Мосқал адамдар мекемеде үнемі тұрмайды. Ем-дом алу, демалу және бір-бірлерімен араласу үшін келіп тұрады. Отанымыздың өскелең ұрпақ патриоттары ұйымдастырған концерт егде жастағы адамдар үшін нағыз мерекеге айналды. Қариялар жасұландықтармен бірге  ынта-шынталарымен қосылып ән айтып, ризашылық сезімдерін білдірді.

Оценить материал
0