Наверх

Погода в Астане: 07 декабря, день: +1° 7 м/с07 декабря, вечер: +1° 7 м/с08 декабря, ночь: +1° 6 м/с08 декабря, утро: -2° 5 м/с

Елімізде тұңғыш рет фермерлерге қызмет көрсету орталығы Ақтөбеде ашылады

2367
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Биыл Ақтөбе облысында цифрлы технологияларды қолдану арқылы «Фермерлік қызмет көрсету орталығы» пилоттық жобасы іске асырылатын болады. Бұл туралы тұрғындармен болған кездесуде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаның шеңберінде сатылатын малға арналған бірыңғай электрондық база енгізіледі, аукционда тірі мал мен ауыл шаруашылығы техникасын сату алаңы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсететін қаржы институттарының кеңселері болады.

- Президенттің тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығына цифрландыру элементтері белсенді енгізілуде. «АқТеп» ЖШС мен «Айс» ЖШС шаруа қожалықтары толығымен автоматтандырылған, арнайы сенсорлар жануарлардың орташа тәуліктік салмағын арттыруға, олардың қызметі мен жалпы денсаулық көрсеткіштеріне бақылау жасауға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және егін жинау үшін де пайдаланылады, - деді Бердібек Сапарбаев.

Былтыр 200 ауылшаруашылық кооперативі 2100 тоннадан астам ет, 3 мың тонна сүт және 1700 тонна көкөніс және басқа да өнімдер өндірді. Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салаларын дамыту маңызды. Облыста  аралар, қояндар, құлпынай, таңқурай өсіру және тағы басқа бағытта 188 жоба жұмыс жасауда.

Оценить материал
0