Наверх

Погода в Астане: 06 июня, ночь: +24° 3 м/с06 июня, утро: +28° 4 м/с06 июня, день: +36° 4 м/с06 июня, вечер: +22° 4 м/с

СҚО-да жер телімдері ашық аукциондар арқылы сатылатын болды

3459
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Петропавлда бұдан былай жер телiмдерi ашық аукциондар арқылы сатылатын болады. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жер қатынастары басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында осылай деп мәлiмдедi, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Облыс әкімінің айтуынша, қалада бос жер телiмi жоқтың қасы.  Бәрiн 10 жыл бұрын аукционсыз сатып жiберген. Ендi жер телiмдерi тек ашық аукцион арқылы сатылу керек. Жердi алғаннан кейiн онда нысан тұрғызу қажет, өйтпеген жағдайда қайтарып алынады,- деді Қ.Ақсақалов.

- Жер телiмдерiн сату кезiнде барлық жағдайларды ескерген жөн. Әсiресе, демалыс орындарында жердi сатуға тыйым салынды. Адамдар демалатын орындарда жердi мүлдем сатуға болмайды. Бiзде саябақтағы жердi үй тұрғызуға сатып жiберген. Дәл жаяу жүргiншiлер өтетiн жерге баспана тұрғызу еш қисынға келмейдi — дедi өңір басшысы.

Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерболат Бекшеновтың басты мақсаты — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi күтiп баптамайтын шаруашылықтардан қайтарып алу процесiн бастау.Былтыр облыста 188 мың гектар жер мемлекеттiң меншiгiне қайтарылған.

Оценить материал
0