Наверх

Погода в Астане: 30 марта, день: +2° 6 м/с30 марта, вечер: -3° 4 м/с31 марта, ночь: -5° 4 м/с31 марта, утро: -4° 5 м/с

Биыл Петропавлда екі шағын аудан салынады

3507
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бұл туралы облыс әкiмi Құмар Ақсақалов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Оның айтуынша, 2018 жылы 229 мың шаршы метр тұрғын үй қолдануға берiледi. 1600 отбасы қоныс тойын тойлайды. Әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылған отбасыларға көп көңiл бөлiнеді.

Петропавлда биыл жаңа «Жас Өркен» және «Солнечный» кентiнде шағын аудандар бой көтередi. Қазiр Солнечный кентiнде қызу жұмыс жүрiп жатыр. Жыл соңына дейiн 211 жеке үй пайдалануға берiледi. Екi қабатты таунхаустар салу жоспарланған. 3 жылда екi мыңнан аса үй салынбақ.

«Жас Өркен» шағын ауданында да ауқымды құрылыс жұмыстары жүргiзiлуде. Биыл мектеп, оқушылар сарайы, қазақ театры салынады. Теннис орталығының құрылысы аяқталды. Бұл ауданда 2700 пәтердi қолданысқа беру жоспарланған. Сондай-ақ қалада биыл әлемдiк талапқа сай Hampton by Hilton қонақ үйi мен «Dostyk Mall» iрi сауда кешенi ашылады.

Оценить материал
0