Наверх

Погода в Астане: 01 июня, ночь: +19° 4 м/с01 июня, утро: +23° 4 м/с01 июня, день: +30° 5 м/с01 июня, вечер: +25° 5 м/с

ОҚО-да индустриалды аймақтар дамытылып, 20 кәсіпорын іске қосылады

2307
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысында негізгі басымдық индустриалды аймақтарды дамытуға беріліп, қосымша 20 кәсіпорын іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев халық алдындағы есебінде баяндады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыста 11 индустриалды аймақта іске қосылатын 20 жобаның жалпы құны 40 млрд. теңге. Нәтижесінде 1500-ден астам адам жұмыспен қамтылмақ.

Биыл іске қосылатын ірі кәсіпорындардың бірі – «Шымкент Темір» ЖШС-нің болат құю өндірісі.  Жоба құны 4 млрд. 290 млн теңгені құрайтын зауыт жылына 240 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Зауыт толық іске қосылған жағдайда 349 адам жұмыспен қамтылады. Аталған кәсіпорынның жұмысымен танысқан облыс басшысы зауытқа мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетіндігін де айтқан болатын.

Биыл сондай-ақ, жалпы құны 7,5 млрд. теңгені құрайтын металлургия зауытының құрылысы жүргізілуде. 100 адамды жұмыспен қамтитын «Амир-А» ЖШС-гі жылына 150 мың тонна металл өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде екі зауытта да құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүруде.

Былтыр облыста Индустрияландыру картасы аясында 36,4 млрд. теңгеге 1000-ға жуық жұмыс орнын құрайтын 18 жоба іске қосылған.

Оценить материал
0